30 июня 2023 г. 17:38
Өрт сөндірушілер Оралдағы өртті сөндіріп жатыр
30 маусым сағат 12-42-де БҚО Орал қаласы, Деркөл кентіндегі 3 учаскеде шамамен 5 га аумақта құрғақ шөп пен бұталар өртенді.
Алматы, NEGE. Өртті сөндіруге БҚО ТЖД 19 техникасц, 64 адамы жұмылдырылды. Жану орнына ТЖД басшылығы мен Орал қаласының әкімдігі барды.
Елді мекенге қауіп жоқ. Күштер мен құралдарды үйлестіру үшін жедел штаб ашылды.
Өрттердің көпшілігі пикниктер орындарында, жанып тұрған сіріңкені тастағаннан, сөндірілмеген темекіден, толық сөндірілмеген оттан, әйнектің қалдықтарынан пайда болады.
Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыздар!
Сағат 17-16-да өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.