Өрт сөндіру депосының құрылысы аяқталуға таяу

Шымкент қаласының Әкімшілік-іскерлік орталығында 4 автомобильге арналған өрт сөндіру депосы мен қосымша ғимарат құрылысы жүргізілуде.

Шымкент, NEGE. Қала әкімі Мұрат Әйтенов аталған өрт сөндіру депосының құрылыс барысымен танысты.

Жер телімінің жалпы ауданы 1,2 га нысанның құрылысын «Темирспец-Строй» ЖШС атқаруда.

Құрылыс жұмыстары 2018 жылы басталған болатын. Мердігер компания құрылысты биыл жыл соңына дейін аяқтауды жоспарлап отыр.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті