Алматыда өрт сөндіруші-құтқарушылар жұмыс аумақтарын ретке келтірді

Алматылық құтқарушы - өрт сөндірушілер «Алматы – біздің ортақ үйіміз» ауқымды науқанына қосылды.

gov.kz

Алматы, NEGE. Алматы қаласы ТЖД қызметкерлері сенбілікке шығып, айналадағы аумақты ретке келтіру, өзінің белсенді азаматтық ұстанымын көрсету және қоршаған ортаны қорғау ісіне өз үлесін қосу үшін сыпырғыштармен, тырмалармен және күректермен қаруланды.

Мегаполистің барлық 20 өрт сөндіру бөлімдерінде аумақ өткен жылғы шөптер мен жапырақтардан тазартылды, ағаштар ақталды, қоршаулар боялды, ағаштар отырғызылды.

«Алматы - біздің ортақ үйіміз» науқаны 8 сәуірде басталды. Әрбір тұрғын мегаполисті дамытуға және көріктендіруге өз үлесін қоса алады.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды