Орманнан ағаштар заңсыз кесіліп келген

Сандықтау ауданындағы Үлкен Түкті орман шаруашылығы аумағында 100-ге жуық қарағай ағаштары заңсыз кесілген. Бұл туралы Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы табиғатты қорғау прокуратурасының талабы бойынша жүргізген рейд кезінде белгілі болды.

Алматы, NEGE. «Сандықтау аудандық ПБ жедел-тергеу тобы тексеру барысында анықтағандай, Үлкен Түкті орман шаруашылығының мемлекеттік орман қоры аумағындағы Каменск орманшылығында 96 ағаш кесіліп, 9 жас ағаштың тамыры кесілген. Сонымен бірге, Үлкен Түкті орман шаруашылығы мекемесі бұл ағашты кесуге рұқсат бермегені және мемлекетке 700 мың теңгеден астам шығын келтірілгені анықталды. Қазіргі кезде Сандықтау аудандық ПБ қызметкерлері кінәлі тұлғаларды анықтау және жауапқа тарту үшін сотқа дейінгі тергеу амалын жүргізіп жатыр», – дейді ведомстводан.

Қазір оқып жатыр

«Алматы қаласындағы ахуал да тым күрделі»: Тоқаев Мирзиеёвтің бастамасын қолдады

«Хан Шатырдың» сатылатыны туралы жарнама жалған болып шықты

Қасым-Жомарт Тоқаевты Бұқара әуежайынан Шавкат Мирзиёев күтіп алды

Құлыбаевтар республикалық бюджетке қайырымдылық ретінде қомақты сома аударған