«Ордабасы» мен «Ақтөбе» арасындағы матчта футболшылар жаппай төбелесті

Шымкентте «Ордабасы» мен «Ақтөбе» жастар командалары арасындағы жолдастық матч дауға ұласты, деп хабарлайды Bad Football телеграм каналы.

Depositphotos

Алматы, NEGE. Белгілі болғандай, алаң иелерінің капитаны «Ақтөбе» ойыншысын ұрып жіберген. Бұл жағдай жаппай төбелеске ұласқан. Соның салдарынан матчты тоқтатуға тура келді.

Төбелес барысында ақтөбелік команданың футболшылары зардап шекті. «Ақтөбе» ойыншысы Әмір Тулеевтің жақ сүйегі сынып, бірнеше тісі түсіп қалған. Тағы бір ойыншының ерні қатты жырылып, терең жарақат алған.

Шымкенттік команданың ойыншылары арасында зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Бұл оқиға туралы мәлімет әлеуметтік желілерде кеңінен тарап жатыр. Қазірдің өзінде Қазақстан футбол федерациясын (ҚФФ) болған жағдайға байланысты тексеру жүргізіп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Президент үй жануарларын азаптағандарды қатаң жазалауды тапсырды

Бекіре тұқымдас балық пен уылдырық сатып алғандар жауапқа тартылады

Петропавлда темекі тұқылынан көппәтерлі үй өртеніп, 100-ден астам адам эвакуацияланды

Қанат Бозымбаев Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынының екінші толқынының өту барысын тексерді