«Ордабасы» ҚПЛ жеңімпазы атанды
Шымкенттің «Ордабасы» футбол клубы Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанды.
Астана, NEGE. «Ақтөбе» мен «Қайрат» арасындағы тартысты ойын 2:2 есебімен аяқталған соң, алматылық команда біріншілік аяқталуына бір тур қалғанда чемпиондыққа таласу мүмкіндігінен айырылды.
«Ордабасының» жетістігі клубтың жаңа иесі, Integra Construction KZ компаниясының бенефициары Шахмұрат Мүтәліп келген кезеңмен тұспа-тұс келді. Клуб жекеменшікке өткеннен кейін құрамын айтарлықтай күшейтіп, шетелден тәжірибелі футболшылар шақырды.
Олардың қатарында бразилиялық Лео Натель, ганалық жартылай қорғаушы Дэвид Абагна, норвегиялық шабуылшы Бьорн Йонсен және француз футболшысы Тидиан Кейта бар.
2025 жылы «Ордабасы» чемпионатты жетінші орынмен аяқтаған еді. Ал биыл мерзімінен бұрын чемпион атанды.
Бұл – шымкенттік клубтың тарихындағы екінші чемпиондық атағы. «Ордабасы» алғаш рет 2023 жылы Қазақстан чемпионы болған.
Ал 2024 және 2025 жылдары чемпиондықты жеңіп алған «Қайрат» биыл бұл жетістігін қайталай алмады.