Оразада ауыз бекіткендерге арналған тегін автобус ұйымдастырылады

2 сәуірден бастап Нұр-Сұлтанда Рамазан айы кезінде ауыз бекіткен азаматтарға арналған тегін автобустар ұйымдастырылады. Бұл туралы қала әкімдігі мәлімдеді.

Алматы, NEGE. Автобустар тарауих намазы аяқталған соң мешіттерден бірнеше бағытта жүретін болады. Тегін қоғамдық көліктер түнгі 01:00-ге дейін қаланың ірі мешіттерінен жүреді. 

"Әзірет Сұлтан" мешітінен жүретін автобустар бағыты:

  • "Спутник" супермаркеті;
  • Темір жол вокзалы;
  • "Көктал – 1,2" тұрғын үй массиві.

"Әбу Насыр әл-Фараби" мешітінен жүретін автобустар бағыты:

  • "Көктал – 1,2" тұрғын үй массиві;
  • Темір жол возалы;
  • Медициналық колледж.

"Садуақас қажы Ғылмани" мешітінен жүретін автобустар бағыты:

  • "Көктал – 1,2" тұрғын үй массиві;
  • "Кирпичный" тұрғын үй массиві.

"Рақымқызы Райса ана" мешітінен жүретін автобустар бағыты

  • "Рахат" сауда үйі.