Оразада пойыздардағы вагон-ресторандарда алкоголь уақытша сатылмайды

Қасиетті Рамазан айының басталуына байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздарындағы вагон-ресторандар арнайы кесте бойынша қызмет көрсетеді.

ҚТЖ

Алматы, NEGE. Аталған тәртіп 40 вагон-ресторанда енгізіледі.

«Вагон-ресторандар күн сайын сағат 8:00-ден түнгі 00:00-ге дейін қызмет көрсетеді. Ораза ұстаушыларға ыңғайлы болу үшін сәресі уақытында – сағат 04:00-ден 05:00-ге дейін ашық болып, жолаушыларға ораза басталғанға дейін таңғы астарын іше алады. Рамазан айында вагон-ресторандарда арнайы әзірленген мәзір топтамалары ұсынылады», – делінген ҚТЖ таратқан хабарламада. 

Сонымен қатар ауызашар кезінде вагон-ресторандарда жолаушыларға су мен құрма тегін беріледі. Бұл уақытта пойыздарда алкоголь өнімдері сатылмайды.

Қазір оқып жатыр

Іссапар чектері тапсырылмаса, жалақыны толық ұстап қалуға бола ма?

Алматы облысында «Достық үйінің» іргетасы қаланды

Энергетика министрлігі Теңіз кен орында ақау шыққанын растады

Лукашенко Еуразиялық экономикалық одақты «бос сөз» алаңына айналдырмауға үндеді