Оралмандардың «Асар» бірлестігі Хайролла Ғабжалиловты президенттікке ұсынды
Орталық сайлау комиссиясына Хайролла Мағауияұлының Ғабжалиловтің Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат болып ұсынылғаны туралы құжаттары келіп түсті. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының ресми сайты хабарлады.
Астана. NEGE. 11 қазанда Хайролла Мағауияұлы Ғабжалиловтің «Оралмандардың «Асар» бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінен Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат болып ұсынылғаны туралы бірнеше құжат ұсынылған.
Атап айтқанда:
1. «Оралмандардың «Асар» бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінің жоғары органы отырысының Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат болып ұсыну туралы хаттамасынан үзінді;
2. Х.М. Ғабжалиловтің Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат болуға келісімі туралы өмірбаяндық деректері қоса берілген өтініші;
3. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасының енгізілгенін куәландыратын құжат;
4. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5. Жоғары білімі туралы дипломының көшірмесі.