Оралхан Бөкейдің жаңа мүсіні орнатылды

Өскемен қаласында жазушы Оралхан Бөкейдің қоладан құйылған жаңа мүсіні орнатылды.

Алматы, NEGE. Бүгін Жібек маталар комбинаты ықшамауданында мұзтаудың мұзбалағы Оралхан Бөкейдің жаңа мүсінінің ашылу салтанаты өтті.

Жастар мен Өтепов көшелерінің қиылысында орналасқан мүсіннің тұғыры граниттен жасалған. Жалпы биіктігі – 4,8 метр.

«Осы уақытқа дейін бұл тұғырда фибробетоннан жасалған кеудемүсін тұрды. Оның сапасы көңіл көншітпеді. Соған орай қоладан жаңа мүсін орнатуды жөн көрдік. Мүсін авторлары Нұрбол Қалиев пен Мейрам Баймұханов», – деді Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар.

Айта кетейік, Оралхан Бөкейдің кеудемүсіні Жібек маталар комбинаты ықшамауданында 2013 жылы орнатылған болатын. Дəл осы ауданда қаламгердің аты берілген №44 мектеп бар.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?