Оралдық сайлаушыларға Тұрсынбек Қабатовтың концертіне тегін билеттер берілді

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, елімізге белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатов биылғы президент сайлауында өз дауысын туған жеріне барып берді, деп жазды Tengrinews.kz.

Алматы, NEGE. "Бұл менің өмірімдегі тарихи сәт десем де болады, өйткені жиырма екі жылдан кейін туған жерімде дауыс беріп тұрмын. Бұрын ауылда бергенмін. Кейін Астанаға кетіп қалдым. Араға осыншама жыл салып саяси таңдауымды туған жерімде жасағаныма қуаныштымын" – деді әзілкеш.

21-22 қараша күндері ол жерестеріне қуанышты көңіл - күй сыйлап, концерт өткізуді жоспарлаған. Сонымен қатар, Орал қаласының сайлау участкелерінде ең жолы болғыш сайлаушыларға Тұрсынбек Қабатовтың концертіне тегін билеттер табыс етілген.

Айта кетейік, Тұрсынбек Қабатов Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Ақпәтер ауылының тумасы.