Оралдық полицей пара алып жатқан кезде ұсталды

Орал қаласында ірі көлемде пара алды деген күдікпен полиция қызметкері ұсталды. Әзірге оның ақшаны нақты кімнен және не үшін алғаны айтылмай отыр.

Алматы, NEGE. Ұстау операциясын Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен облыстық Полиция департаментінің Ішкі қауіпсіздік басқармасы бірлесе жүргізген.

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті қамауға алынып, ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы (пара алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полиция қызметкері көші-қон полициясында жұмыс істеген. Ол 500 мың теңгені пара ретінде алып жатқан сәтте қолға түскен.

Қазір оқып жатыр

Қызылорда облысында су және кәріз тарифтері 25%-ға дейін төмендеді

Қазақстандық қыздарды Ресейдегі дрон шығаратын зауытқа жұмысқа тартуда – БАҚ

Алматыда бітіру кешіне 200 мың теңгеден жинаған: мектеп директоры жазаланды

Олжас Бектенов орман өрттерін ерте анықтау жүйесінің дайындығын тексерді