Оралдық фермер қала шетінде жылқы бағып отыр

Орал қаласының тұрғыны жылқы бағып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24». Фермер шаһар шетіне қора-жай салып, қылқұйрықтарды күтіп-баптауды қолға алды. Күн сайын бие сауып, жұртқа саумал мен қымыз сатады. Бие сүтіне сұраныс артқан. Іскер жан кәсіппен қатар ұлттық құндылықты ұлықтауға ден қойды. Кәсіп иесі балаларымен бірге жылқыға құмар өзге жеткіншектерді де атбегілікке баулып жүр.

Алматы, NEGE. Ақылбек Ишанов бірер жыл бұрын шаһарға алдымен 2 бие алып келген. Саяжайға киіз үй тігіп, саумал сата бастады. Кейін ақырындап қора-жайын салып алды. Бие сүтіне сұраныс артқан соң жылқыларының санын арттырды. Алайда қалада үйір жылқыны бағу алғашында оңай болмапты.

Ақылбек Ишанов, шаруа:

 - Басында қиын болды, өйткені мына жерді, айналаны өзім де дұрыс білмеймін. Мысалы, тоғайдың ішінде жылқымыз жоғалып кетіп жүрді. Бір жағымызда жол болса, арғы жағымыз – Жайық. Саяжайлар бар, онда кіріп кетсе, малды, жылқыны шығару қиын. Қазір, шүкір енді, айналаны жаттап болдық.

Шаруа қазір қалада 20-дан астам жылқы бағып отыр. Қыста сауын биелердің саны азаяды. Ал, қай кезде болсын саумал мен қымызға сұраныс төмендеген емес. Көбісі дертіне дауа іздеген жандар. Жақын маңдағы ауылдан арнайы іздеп келеді.

Қазір оқып жатыр

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты