7 августа 2022 г. 14:58

Оралдағы кәсіпкердің өліміне қатысты күдіктілердің суреті жарияланды

Фото:

БҚО полиция департаменті аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 1991 жылғы Қожантаев Руслан Фархатұлын және 2001 жылғы Амангелді Тұрлан Сырлыбайұлына іздеу жарияланды.

Алматы, NEGE. Департаменттің мәлімдеуінше, кеше кешке Оралдағы Исатай-Махамбет көшесінде пышақтан жарақат алып, жан тапсырған ер адамның өліміне олардың қатысы бар.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. БҚО полиция департаменті, егер күдіктілерді көрсеңіздер немесе нақты орналасқан жері туралы ақпарат болса, 102 немесе 98 45 30 нөміріне қоңырау шалуларыңызды сұрайды.

Тегтер: