Оралда Ауғанстанның 11 азаматы ұсталды

Оралда көші-қон заңын бұзған Ауғанстанның 11 азаматы ұсталды. Олардың құжаттарын тексеру барысында екеуінің визасының мерзімінен асып кеткені анықталды, деп хабарлайды polisia.kz.

Орал, NEGE. Олардың құжаттарын тексеру барысында екеуінің визасының мерзімі асып кеткені анықталды.

Оларға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ, Ауғанстанның екі азаматы бұрын Қазақстан Республикасы аумағынан күштеп шығарылғаны белгілі болды.

Олар Орал полиция басқармасының қабылдап-тарату орнына орналастырылды. Қазіргі уақытта шетелдік азаматтарға қатысты Батыс Қазақстан облысының аумағында болу себептерін анықтау мақсатында тексеру шаралары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

РФММ гранттары төңірегіндегі дау: Оқу-ағарту министрлігі түсінік берді

Қызылордада бір күнде 600 отбасы баспаналы болды

Президент іске қосылған LRT желісінің алғашқы жолаушысы болды

Балқаш жағалауында салынатын АЭС құрылысының барысы пысықталды