Оралда жаппай төбелес болып, оқ атылды
Оқиға кеше түнде Шолохов көшесінде болды. Салдарынан 24 жастағы ер адам ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
Алматы, NEGE. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр. Тәртіп сақшылары төбелеске қатысы бар 20 адамды ұстады. Біреуі іздестірілуде. Полиция департаменті оқиғаның мән-жайына қатысты әзірге ресми мәлімдеме жасамады.