5 октября 2022 г. 10:38

Оралда сабақ үстінде 10-сынып оқушысы көз жұмды

Фото:

Орал қаласы білім беру бөлімінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 4 қазан күні таңмен Зачаган кентіндегі №10 жалпы орта білім беретін мектебінде болды.

Алматы, NEGE. «2007 жылғы ұл бала сағат 07.45-те мектепке келген. Сынып оқушыларымен бірге сабаққа дейін дәлізге шығып, сөйлескен. Сосын 08.00-де сынып бөлмесіне кірген. Балалардың барлығы орындарына отырып, сабаққа дайындалып жатқан кезде ол отырған жерінде құлаған. Сол мезетте жедел жәрдем шақырылғанымен, жасөспірімді құтқарып қалу мүмкін болмады», деп хабарлады ведомстводан.

Тегтер: