Оралда өзін мұғалім ретінде таныстырған алаяқ оқушының телефонын ұрлап кеткен

Оқиға Орал қаласындағы мектептің бірінде болған, деп хабарлайды Полиция.

Алматы, NEGE. 26 жастағы әйел мектептің артқы есігінен кіріп, дәлізде өтіп бара жатқан 4 сынып оқушысын тоқтатып, педагог ретінде өзін таныстырған.

Мектепте комиссия мүшелері жүргенін, дәлізде ұялы телефон ұстауға болмайтынын, кейін оқушыларға қайтарылатынын айтып ұялы телефонын өзіне алған. Алаяқтың әрекеті бейнежазбаға түсіп қалған.

Күдікті ретінде 26 жастағы әйел ұсталды.

ҚР ҚК 190 бабы “Алаяқтық” бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Қызылшаға қарсы екпе алғандар да ауырып жатыр: елде 6 мыңға жуық жағдай тіркелді

Желтоқсан қатысушыларын балағаттаған алматылық әйелге қатысты іс қозғалды

Ақтауда өзіне қол салды деген келіншектің өлімін қайта тергейді

Назарбаевтың тоқалы Әсел Исабаева көпшілік алдына қайта шыға бастады