Оралда оқушылар сабақтан кейін ауруханаға жеткізілді

Орал қаласының №3 мектебінде сабақта қосылып тұрған кварцты электр шамынан жетінші сынып оқушылары зардап шекті.

Алматы, NEGE. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы таратқан мәліметке сәйкес, ауруханаға 8 бала келген. Ал, екі баланың ата-анасы жедел жәрдемді үйге шақырыпты.

«Қазіргі кезде балалардың барлығы үйде емделіп жатыр. Ауыр жарақат жоқ. Көздерін жуып, дәрі тамызып қойды. Енді олар демалуы керек. Жарық сәулеге қарауға болмайды», – дейді дәрігерлер.

Полиция департаменті ата-аналар тарапынан арыз түспегенін хабарлады.  

«Үзіліс кезінде кварцты электр шамын қосып қойған. Шамасы артынан сөндіруді ұмытып кетсе керек», – деп атап өтті полицейлер.  

Ал білім басқармасы кварцты электр шамын балалардың өздері қосуы мүмкін деп отыр.

«3 қыркүйек күні үлкен үзіліс кезінде сағат 15:35 пен 15:50-дің арасында балалар №218 кабинетте отырған. Мұғалім болмаған. Бәлкім, сол кезде шамды өздері қосқан шығар. Соның салдарынан сыныпта отырған балалар задап шекті», –  деді басқарма мамандары.

Айта кетері, тура сондай жағдай Өскемен қаласында болған. Бірнеше баланың көз шынайнасы күйіп қалды. Барлығы ауруханаға жеткізілді. Тексеріс кезінде бір кабинетте кварцты электр шамы бірнеше сағат бойы қосылып тұрғаны анықталды.

Қазір оқып жатыр

«Қадірлі бауырым»: Тоқаев Ердоғанмен түскен фотосын жариялады

Оралда полицей қызметтік міндетін атқару кезінде қыз зорлады деген күдікке ілінді

Қазақстаннан шыққан жас актриса Голливудты бағындыруда

115 мың қазақстандық Тоқаевтан жануарларды эвтаназиялау туралы заңға вето қоюды сұрады