8 августа 2022 г. 13:01

Оралда кәсіпкерді өлтірген күдіктілер ұсталды

Фото:

Оралда кәсіпкерді өлтірді деген күдіктілер 31 жастағы Руслан Қожантаев пен 21 жастағы Тұрлан Амангелді ұсталды.

Алматы, NEGE. "Арнайы операция нәтижесінде күдіктілер ұсталды. Іс Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігіне қайта сараланды, онда 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру қарастырылған. Іс ішкі істер министрінің бақылауында", - деді ІІМ өкілдері.

Бұған дейін күдіктілерді аты-жөндері аталып, іздеу жарияланған болатын. 

Тегтер: