Оралда қалалық саябақ маңында жарылыс болған жерден үш адамның мәйіті табылды

Қайғылы оқиға 25 сәуір күні сағат 21:00 шамасында Исатай-Махамбет көшесінде болған.

Алматы, NEGE. Алдын ала мәлімет бойынша, жарылыс қалалық мәдениет және демалыс саябағы маңында орналасқан гаражда болған.

Оқиға орнында полиция мен өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр. Исатай-Махамбет көшесінің бойында Абай даңғылынан Ихсанов көшесіне дейін көлік қозғалысы шектелген.