24 августа 2022 г. 19:05

Оралда екі жұмысшы кәріз құдығындағы суға тұншығып қайтыс болды

Фото:

Оралда  «Батыс су арнасы» кәсіпорнының екі бірдей қызмкеткері кәріз құдығындағы суға тұншығып қайтыс болды.

Алматы, NEGE. Оқыс оқиға Исатай-Махамбет көшесінің бойындағы кәріздік сорғы станциясында күндізгі сағат 11 шамасында болды. Қаза болған жұмысшылардың бірі 40, ал екіншісі 49 жаста. Олар осы жерде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан. Алдын ала болжам бойынша құбырда кенет ақау шығып, станция ағын суға толып кеткен. Кәсіпорын басшылығы қайтыс болғандардың отбасына көмек көрсетілетінін айтты. Қазір құзырлы орган өкілдері қайғылы оқиғаның себептерін анықтап жатыр.

- Кәсіпорынның 2 қызмкеткері қайтыс болды. Оқиғаның себебін тергеу жұмыстары анықтайды. Әзірге басқа ештеңе айта алмаймын. Апатты ауыздықтау мақсатында Зашаған ауданы мен қаланың орталық бөлігіне су беру тоқтатылды. Жұмысшылар арнайы киіммен және жеке қорғаныш құралдарымен  қамтылған еді, - дейді кәсіпорын басшысы. 

Тегтер: