Оралда далада ойнап жүрген бала жансақтау бөліміне жеткізілді
Оралда балалар алаңында ойнап жүрген тоғыз жасар бала жаттығу арқанына оралып, тұншығып қала жаздады.
Алматы, NEGE. Бұл туралы жергілікті «Мой ГОРОД» басылымы хабарлады.
Сенбіде Громова көшесіндегі аулалардың біріндегі ойын алаңында тоғыз жасар бала құлап кетіп, жаттығу арқанына оралып қалды. Ол «тұншығу» диагнозымен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
Ведомство сонымен қатар ата-аналардың балаларды бақылаусыз қалдыруы ойын алаңдарында жарақат алуға негізгі себеп болатынын атап өтті.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі зардап шегуші өте ауыр жағдайда комаға түскенін жеткізді. Бала қалалық көпсалалы аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды.