Оралда блокпостар қойылды

БҚО бас санитарлық дәрігері Мұхамғали Арыспаевтың жаңа қаулысына сәйкес 1 мамырдан бастап Орал қаласына кіру және шығу периметрі бойынша, сондай-ақ Ақжайық, Бөрлі, Казталовский, Теректі, Шыңғырлау мен Бәйтерек аудандарыучаскелерінде блокпостар орнатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Орал, NEGE. Блокпостардағы жағдай тыныш. Полиция қызметкерлері блокпостарда кезекшілік етеді. Олар адамдардың рұқсат қағаздары мен stopcоvid.kz сайтында тіркелуін тексереді. «Барлығы әдеттегідей өтіп жатыр, әлі ешқандай тосын жағдай болған жоқ. Адамдар құжаттарды тексеруге түсіністікпен қарайды. Бірнеше машинаны қалаға кіргізбеуге тура келді, оларға рұқсат болмады, адамдар бұрылып кетіп қалды», - деді полиция қызметкері Бақдәулет Кәрімов.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда қанша ер-азамат тұрады?

Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды