Оралда автобуста 4 адам төбелесіп, екеуі зардап шекті

Оралда төрт адам төбелесті.

Алматы, NEGE. Оралда автобус салонында төбелес болды. Соның салдарынан 2 адам жарақат алған. Бұл туралы «Мой город» хабарлады.

Оқиға 16 мамырда кешОралда автобуста 4 адам төбелесіп, екеуі зардап шекті (ВИДЕО)кі уақытта болған. БҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, №2 жолаушылар автобусының салонында 2 ер адам бұзақылық ниетпен 26 және 23 жастағы 2 жігітті ұрған. Дәрігерлердің қорытындысына сәйкес, олардың денесі көгерген.

Полиция қызметкерлері 32 және 53 жастағы екі адамды ұстады. Олардың үстінен Қылмыстық кодекстің 293-бабы («Бұзақылық») бойынша соталды тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Төбелесті бастағандардың бірі бұрыш спрейін қолданған. Алайда полиция бұл дерекке қатысты пікір білдірмеді.