Оралда ауа райына байланысты әуе рейстері кейінге шегерілді

Франкфурт-Орал және Орал-Астана бағыттары бойынша, сондай-ақ Алматыдан Оралға және қайтар рейстері тоқтатылды. Бұл туралы  Air Astana хабарлады.

Алматы, NEGE. Орындалмаған рейстердің жолаушыларына тамақ беріліп, тегін қайта брондау немесе билетті қайтару ұсынылды. Орал-Астана рейсінің жолаушыларына қонақүйге орналастыру, тамақтану және трансфер ұсынылды.

«Әуекомпания рейстерінің кешігуі және тоқтатылуы қауіпсіздік шараларынан туындағанын ескертеміз. Кідірістер туралы ақпарат алу үшін 7 7272 44 4478 жедел желі арқылы хабарласып, рейстердің мәртебесін әуекомпанияның ресми сайтында тексеруді сұраймыз», – деп түсіндірді әуе компаниясынан. 

Қазір оқып жатыр

Дауыс бер, өз ағашыңды отырғыз

Маңғыстау облысында референдум күні көпбалалы отбасында Атазаң есімді ұл дүниеге келді

Халықтың 51,93 пайызы дауыс берді: Референдум өткізілді деп саналады

«Таңдауым ешқашан өзгермейді»: Назарбаев Тоқаев жайлы пікір білдірді