Оралда жасөспірім қыздың соққыға жығылуына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Орал қаласында жасөспірім қыздың соққыға жығылуына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Kazinform.

Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. Куәгердің Instagram әлеуметтік желісінде мәлім еткеніндей, оқиға 7 шілде күні болды.

Оның жазуына қарағанда, екі жасөспірім қыз кәмелетке толмаған құрбысының ішінен жұдырықпен ұрған. Қыз құлап, басын тасқа соққан, аяғында жарақаты бар.

«Осының бәрі екі ұл баланың көзінше болды. Олардың бірі қызды серуендеуге шақырған. Сол жерде екі бұрынғы құрбысы күтіп тұрған. Қазіргі кезде анасы мен қызы полиция бөлімшесінде, олардан жауап алынуда», деп жазды куәгер.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растап, қасақана денсаулыққа жеңіл зиян келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын жеткізді. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

«Бір ғана өтінішіміз – бостандығымыздан айырмаңыздар»: Жанабыловтар сотта жылап тұрып кешірім сұрады

Қазақстандықтарға шенген визасын алу жеңілдейді: келіссөз қашан аяқталады?

Прокурор ерлі-зайыпты Жаныбыловтарды 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Алматылықтардың көлік салығы 7 млрд теңгеден асқан