Оралда үш автокөлік соқтығысып, бір адам қаза тапты

Бұл туралы Орал қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция баталонының командирі, полиция подполковнигі Еламан Уәлиев мәлім етті.

БҚО полиция департаменті

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, оқиға 6 қаңтар күні кешкісін айналма жолда «Октан» жанар-жағармай стансасы маңында болған.

Шамамен сағат 20.05-те үш автокөлік түйісіп, оқиға орнынан ауруханаға 5 жолаушы жеткізілді. Біреуі жарақат пунктіне барар жолда көз жұмды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр, — деді Е.Уәлиев.