Оралда тұрғын үйдің жертөлесінен өрт шығып, 15 бала эвакуацияланды

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

ТЖМ

Алматы, NEGE. Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Орал қаласында С.Тюленина көшесі бойында орналасқан бес қабатты тұрғын үйлердің бірінің жертөлесінен өрт шыққан.

Алғашқы бөлімшелер келген кезде өрт 40 шаршы метр алаңды қамтығаны анықталды.

Өрт сөндірушілердің баспалдақ арқылы 40 адам, оның ішінде 15 баланы эвакуацияланды.

"Өрт толықтай сөндірілді. Өрт салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ", - делінген хабарламада.

Осыған дейін Каспий жағалауында 450 гектар аумақта қамыс өртенгенін хабарладық.

"Төтенше жағдайлар департаменті мен «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының қызметкерлері 75 гектар аумақтағы өртті сөндірді. Ал 400 гектар аумақтағы жалын өздігінен өшті. Жалын шарпыған аумағы шамамен 475 гектарды құрады", - делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты