Оралда студенттерді қорқытып, несие рәсімдеткен 3 күдікті ұсталды

Оралда екі студентті қорқытып, ақшасын иемденіп кеткен күдіктілер ұсталды.

Полиция

Алматы, NEGE. Күдіктілер екі студентті 150 мың теңге көлемінде шағын несие рәсімдеуге мәжбүрлеген. Содан кейін өз есепшоттарына аударған.

«Жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен Орал қаласының бұрын сотталған үш тұрғынын қолға түсірді. Ұрланған қаражат тәркіленіп, ұсталғандар уақытша ұстау изолторына қамалды. Қазіргі кезде күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», – деп хабарлады ведомстводан.

Қазір оқып жатыр

Талғарда екі кішкентай қыздың әкесі жас жігіттің қолынан қаза тапты

Қайрат Сатыбалды ұзақ уақыттан кейін алғаш рет ел алдына шықты

«Қазмырыш» зауытындағы жарылыс: зардап шеккендердің бірі ауруханада көз жұмды

Алматы облысында оқушы мұғалімді ұрып, дене жарақатын келтірген