Оралда өзін полиция қызметкері ретінде таныстырған азамат ұсталды

Орал қаласында өзін полиция қызметкері ретінде таныстырған азамат ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. 2025 жылғы 13 маусымда белгісіз тұлға Орал қаласында өзін ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкері ретінде таныстырып, айыппұл төлеу қажеттілігі туралы жалған сылтаумен 1983 жылы туған азаматшаның ақшалай қаражатын заңсыз иемденген.

Аталған факт бойынша жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 17 маусым күні Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы мен арнайы мақсаттағы бөлімше қызметкерлері 1995 жылы туған азаматты ұстады.

Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Тінту кезінде банк қосымшасынан үзінді көшірме және екі ұялы телефон тәркіленді.

Қазіргі уақытта аталған дерек ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігі бойынша (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Шымкентте TikTok арқылы жүргізуші куәлігін саудалаған ер адам қамауға алынды

Air Astana басшылығына төленетін төлемдер шамамен 6 млрд теңгеге дейін ұлғайған

Зейнетақының 20 пайызын ұстап қалатыны рас па?