Оралда өрттен 23 адам құтқарылды

ТЖМ қызметкерлері 23 адамды құтқарып, эвакуациялады.

ТЖМ

Алматы, NEGE. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Орал қаласындағы Құрманғазы көшесінде 9 қабатты тұрғын үйде, 3 және 9-қабат аралығында электр қалқанында электр сымдары жанған.

"ТЖМ күштері автосатымен және баспалдақ маршымен 5 адамды, оның ішінде 2 баланы құтқарып, 15 адам, оның ішінде 5 бала эвакуациялады. Өрт жедел түрде сөндірілді", - делінген хабарламада.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалу қажет.

Қазір оқып жатыр

YouTube пен Instagram жас қызға 4,2 млн доллар төлеуге тиіс

28 наурызда онкологиялық орталықтар науқастарды тегін әрі жолдамасыз қабылдайды

Роман Скляр Бүкілқытайлық жиналыс комитетінің төрағасымен кездесті

Ерболат Досаев қызметінен босатылды