Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Орал қалалық сотында Батыс Қазақстан облысы бойынша сот сараптамалары институтының сарапшысы Жонысовқа қатысты үкім шықты.

pixabay.com

Астана, NEGE. Бас прокуратураның мәліметінше, сарапшы жалған қорытынды бергені үшін сотқа тартылған. Ол өз қорытындысында дене жарақаттарының жоқтығын және мәйіттің шіру өзгерістеріне байланысты өлім себебін анықтау мүмкін еместігін көрсеткен.

«Алайда эксгумациядан кейін Астана қаласының сот-медициналық сараптама мамандары жүргізген комиссиялық сот-медициналық сараптама нәтижесінде тірі кезінде келтірілген көптеген дене жарақаты, оның ішінде қабырғалары және тіл асты сүйегі сынғаны анықталған.

Кінәсін мойындамағанына қарамастан, мемлекеттік айыптаушы сотта айыптың дәлелді әрі бұлтартпас айғақтарын ұсынды», – делінген хабарламада.

Сотта бастапқы сараптамалық қорытындының нақты деректерге сәйкес келмегені және сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарын жаңылыстырғаны анықталған.

Сот оны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 420-бабы 1-бөлігі (сарапшының көрінеу жалған қорытынды беруі) бойынша кінәлі деп танып, оған 3 жыл 2 ай 12 күн мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ

Қазір оқып жатыр

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр

Ақтөбе облысында қызметінен кеткен әкім өлі күйінде табылды