Оралда көпірден секірмек болған қыз құтқарылды

Орал қаласының полиция қызметкерлері Деповский көпірінде өз-өзіне қол жұмсауға әрекеттенген қызды аман алып қалды, деп хабарлайды ҚР Ішкі істер министрлігі.

el.kz

Алматы, NEGE. 7 ақпан күні кешке полицияға куәгерлерден қоңырау түскен. Олар көпірдің шетінде тұрған қыздың өз-өзіне қол жұмсауға әрекет жасап жатқанын хабарлаған. Оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлері дереу келіп жеткен.

«Жәңгір Ғазизов көпірдің шетіне жақындап, қызды ұстап үлгерді, оған ойланбай әрекет жасауға жол бермеді. Кейін полиция қызметкерлері қызды көпірдің қауіпсіз жағына өткізіп, қызметтік көлікке отырғызды. Ол медицина қызметкерлеріне тапсырылды. Қазіргі таңда оның жағдайы тұрақты», – деп мәлімдеді ІІМ өкілдері.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр