Оралда кәсіпкерлерден ақша бопсалағандар ұсталды

10 маусымда Орал қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті кәсіпкерлерден ақша бопсалады деген күдікпен топтың әрекетінің жолын кесті. 

Полиция

Алматы, NEGE. «8 адам ұсталды, екеуі соттың санкциясымен қамауға алынды», – делінген ҰҚК хабарламасында.

Бұл тұлғалардың әрекеттері аймақтың коммерциялық іс-әрекетіне қатысушыларына теріс әсер еткен.

Тінту барысында ірі көлемде ақша мен өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленген. Қылмыстық кодекстің 194-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-тармағына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды