Оралда еріген қар суы жолды басып қалды

Оралда еріген қар суы қалаішілік жолды басып қалды.

ТЖМ

Алматы, NEGE. Оқиға орнына жергілікті төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшесі жөнелтілді.

Тұрғындардың мәлім еткеніндей, 13 наурызға қараған түні қалаға қарасты Деркөл кентінде су «Сарыарқа» шағынауданына қарай баратын жаңадан салынған жолды басып қалған.

БҚО ТЖ департаменті баспасөз қызметінің нақтылауынша, «Сарыарқа» шағынауданында қалаішілік автожолдың ойпатты бөлігіне су жиналған. Соның салдарынан екі шағынауданды байланыстыратын жолға еріген қар суы жайылды.

Түні бойы мотопомпалар көмегімен су айдауды жүргізілді. Сондай-ақ полиция қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері жұмылдырылды.

Жағдай бақылауда.

Қазір оқып жатыр

2029 жылға дейін әбден тозығы жеткен инфрақұрылым толық жаңғыртылады

Kinopark желісі отандық фильмдерден жарнама үшін заңсыз ақша алған

Маңғыстау әкімі Қазақстанның туы бейнеленген шайбамен ойнауға рұқсат бермеді

Әлемде әрбір алтыншы бала мектепке бара алмайды – ЮНЕСКО