Оралда екі жасөспірім тоғыз қабатты үйдің шатырынан құлап, қаза тапты
Қайғылы жағдай 6 қазан түнгі уақытта Оралдағы «Строитель» шағын ауданында болған. Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Астана, NEGE. Тұрғындар сағат түнгі он бір шамасында үйдің шатырынан аяқ дыбысын естіген, кейін үй маңына полиция қызметкерлері келіп, көршілер әйел адамның жылаған дауысын естіген, деп хабарлайды КТК.
Сондай-ақ тұрғындар қыз бен жігітті бұрын-соңды бұл маңнан көрмегендерін айтып, басқа ауданнан келген болуы мүмкін деп топшылайды.
Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқан қыз мектепте оқыған, ал жасөспірім колледж студенті болған.
Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті жасөспірімдердің қаза тапқанын растады. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда.
Тергеу барысын облыстық полиция департаменті мен прокуратура басшылығының бақылауында.