Оралда 33 жастаы ер адам әлеуметтік желіде әйел болып танысып, ақша бопсалаумен айналысқан

Орал қаласында қорқытып ақша бопсалаумен айналысқан 33 жастағы тұрғын ұсталды.

Полиция

Алматы, NEGE. Күдікті әлеуметтік желіде жалған аккаунт ашып, өзін әйел ретінде көрсетіп, жәбірленушілермен танысқан.

«Кездесуде өзін құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырып, олардың іс-әрекеті заңсыз екендігін айтып, қорқытып ақша бопсалаған. Осылайша, жәбірленушілер оған 3 млн астам теңге берген. Күдікті қолға түсіп, 3 эпизод бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады ведомстводан.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды