9 августа 2023 г. 9:52

Орал тұрғыны ағаштың ұзындығымен бірдей қарасора өсірген

Фото:

Орал тұрғыны ағаштың ұзындығымен бірдей қарасора өсірген

Алматы, NEGE. 4 тамыз күні Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері “Қарасора“ жедел профилактикалық іс-шара жүргізу барысында қала жанындағы Коминтерн ауданында 1990 ж.т. тұрғынның үйінің ауласынан 60 түп қара-жасыл түсті, қарасораға ұқсас, өсіріп-баптау іздері бар өсімдіктер табылып, тәркіленді.  

Табылған өсімдіктер сараптамаға жолданды. Айта кету керек, кейбір бұталар ағаштың бойымен биік өскен. 

ҚР ҚК 300-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. 

Тегтер: