Орал қалалық сотының судьясы жұмыс орнында қайтыс болды

Орал қалалық сотының тергеу судьясы Нұрлан Губашев жұмыс орнында қайтыс болды, деп хабарлайды Мой Город.

Алматы, NEGE.  Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті ақпаратты растады.

"Марқұмның денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ", – делінген хабарламада.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қоңырау сағат 9:48-де түскен.

"1968 жылы туған ер адам жұмыс орнында нашарлаған. Жедел жәрдем шақырған адамның айтуынша, ол есінен танып құлаған", – делінген хабарламада.