Оппозиция президент сайлауын өткізуден бас тартуға шақырды

Жаңа құрылған  «Демократиялық күштердің коалициясы» Мемлекет басшысына, Парламентке үндеу жарияламақ. Кезектен тыс президент сайлауын өткізу, билік мерзімін ұзарту және басқа да биліктің бастамаларын қолдамайтынын айтты, деп хабарлайды NEGE.kz.

Алматы. NEGE. Бүгін оппозиция қосынындағы бір топ азаматтар Алматы қаласындағы «Қазақстан» қонақ үйінде жиылып, алдағы президенттік сайлауда бір жеңнен қол, бір жағадан бас қосатынын мәлімдеді. Олардың қатарында Рысбек Сәрсенбай, Болат Әбілов, Нұржан Әлтаев, Мұхтар Тайжан, Серікжан Мәмбетәлин, Еркін Рахышев және басқа да тұлғалар бар.

«Кезектен тыс президент сайлауы күн тәртібінен алынып тасталсын! Сайлау өткізуге ешқандай қажеттілік туған жоқ. Қоғаммен санасып, сайлау туралы, саяси партиялар туралы, сөз бостандығы туралы конституциялық заңдарды халықаралық нормаларға сәйкестендірсе, азаматтардың конституциялық құқықтарын шектейтін, еркін-таза сайлау өткізуге кедергі келтіретін назарбаевтық баптарды алып тастаса, болғаны. Тоқаевтан талап етілетіні – адалдық, батылдық, сөзінде тұра білушілік», - делінген үндеуде.

Қазір оқып жатыр

Президент қысқы Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовты марапаттады

Қазақстанда жаңа шетелдік банк ашылады

ҰҚШҰ Иранды қолдап, «аймақтан тыс күштердің арандатушылық әрекеттерін» айыптады

2029 жылға дейін әбден тозығы жеткен инфрақұрылым толық жаңғыртылады