Опералар мен музейлер онлайн режимге көшті
Қауіпті індетке байланысты әлем бойынша мәдени нысандар жаппай жабылды. Бірақ кейбір өнер ордалары жұмысын тоқтатпайды. Енді оларды онлайн арқылы көруге болады.
Алматы, NEGE. Әлемге белгілі Вена операсы өзінің үздік қойылымдарын интернетте тегін көрсете бастады. Оны тамашалау үшін арнайы сайтта тіркелу қажет. Қазіргі уақытта Берлин филармарниясы мен Нью-Йорктегі Метрополитен операсының қойылымдарын да ғаламтор арқылы көруге мүмкіндік бар. Онлайн режимге музейлер де көшкен. Мәселен, кез келген азамат атақты Луврда виртуалды экскурсия жасай алады. Дәл осындай мүмкіндік Британ музейінде де бар. Айта кетейік, вирусқа байланысты жабылған мәдени орталықтар көрермендер үшін есігін қай уақытта ашатыны белгісіз.
Айта кетейік, еліміздегі «Артишок» тәуелсіз театры күні кеше онлайн трансляция арқылы халық назарына «Ер Төстік» спектаклін ұсынған болатын.