Оңтүстікте өрт кезінде оқ-дәрі жарылды

Әлеуметтік желіде әскери бөлімдердің біріне қарасты оқ-дәрілерді жою полигонында снаряд қалдығы жарылғаны туралы ақпарат тарап, оқиға орнынан түсірілген бейнежазбалар жарияланды.

Видеодан кадр/instagram.com/v_shymkente

Астана, NEGE. Қорғаныс министрлігі Шымкент гарнизонының хабарлауынша, 19 тамыз сағат 19:00 шамасында Арыс гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінің техникалық аумағында құрғақ шөп тұтанған.

«Өрт кезінде жоюға алдын ала дайындалған оқ-дәрі қалдығының жарылыс дауысы естілген. Зардап шеккендер мен қираған нысандар жоқ», – делінген ресми хабарламада.

Ведомство өкілдері өрт толықтай сөндірілгенін, жағдай бақылауға алынғанын атап өтті. Қазіргі уақытта оқиға орнында тиісті қызметтер жұмыс істеп жатыр.