28 января 2026 г. 14:06

Оңтүстік Кореяның экс-бірінші ханымы сотталды

Фото: yesasia.ru

Сеул орталық аудандық соты бұрынғы президент Юн Сок Ёлдің жұбайы, Оңтүстік Кореяның бұрынғы бірінші ханымы Ким Кон Хиді бір жыл сегіз айға бас бостандығынан айырды.

Астана, NEGE. Оңтүстік Кореяның конституциялық тарихында алғаш рет экс-бірінші ханым қылмыстық іс бойынша бас бостандығынан айыру жазасына тартылды, деп хабарлайды Yonhap.

Сот Кимді негізгі үш айыптың тек біреуі – шіркеуден пара алу дерегі бойынша ғана кінәлі деп таныған, ал акция бағасымен манипуляция жасады және саяси қаржы заңнамасын бұзды деген айыптар бойынша дәлелдер жеткіліксіз деп тапқан.

«28-і күні Сеулдің Орталық аудандық сотының 27-қылмыстық алқасы Ким ханымды капитал нарығы туралы заңды, саяси қорлар туралы заңды бұзу және ауыр қылмыстар шеңберінде пара алу айыптары бойынша 1 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айырып, 12 815 мың вон көлемінде айыппұл салу туралы үкім шығарды», – делінген агенттік хабарламасында.

Сот экс-бірінші ханымның шіркеуден қымбат сыйлықтар алғаны, сондай-ақ шіркеу істеріне қатысты ақпарат беруді сұрағаны ішінара дәлелденген деп таныды.

Айыпталушының адвокаты «пара алу ісі бойынша шығарылған үкім тым қатаң болғанын, сондықтан алдағы уақытта апелляцияға жүгіну мүмкіндігін қарастыратынын» мәлімдеді.

Ким Кон Хи адвокаты арқылы кешірім сұраған.