Оңтүстік Кореяға жұмысқа жіберемін деп түркістандықтардың 92 млн теңгесін жымқырған алаяқ сотталды

Түркістан облысында алаяқ 2023-2024 жылдар аралығында 23 жәбірленушіні Оңтүстік Корея мемлекетіне еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс визасын жасап беремін деп алдау арқылы 92 020 000 теңге жымқырған.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Сот барысында мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін толық дәлелдеді.

Өз кезегінде алаяқ 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды, сондай-ақ 23 жәбірленушілердің азаматтық талап қоюлары қанағаттандырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр