Оңтүстік Кореяда жол апатынан Қазақстанның 4 азаматы мерт болды

Оңтүстік Кореяның Сохэан автомагистралінде Қазақстанның 4 азаматы мінген көлік жардан құлап, салонда болған барлығы мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

GYEONGGI FIRE SERVICES

Алматы, NEGE. Оңтүстіккорейлік басылымның жазуынша, 4 адам отырған Mercedes-Benz көлігі жергілікті уақыт бойынша шамамен 00:30-да Кенгидо өлкесінің Хвасон қаласында жолдың оң жақ бетіндегі қоршауға соғылған. Содан кейін көлік бірнеше метр төмен құлап, өртенген.

Жол-көлік оқиғасы туралы хабар алысымен өрт сөндірушілер сол жерге шұғыл аттанған. Олар апаттан кейінгі 30 минуттың ішінде өртті сөндірген. Қираған көліктен 4 адамның мәйіті табылған.

Мерт болғандардың аты-жөні әзірге белгісіз. Полиция апаттың нақты неден болғанын анықтап жатыр.

Қазір оқып жатыр

Астанада әріптестерін алдап, баласының «еміне» 2 млн теңге жинаған әйел сотталды

«Транстелекомнан» 4 млрд теңге жымқыру ісі: күдікті Грузиядан жеткізілді

«Өз уақыты бар»: Димаш Құдайберген қашан үйленетінін айтты

Владимир Путин Пасхаға байланысты Украинамен уақытша бітім жариялады