Оңтүстік Кореяда 30 жастағы қазақстандық қаза тапты

Қазақстандық жұмысшы Оңтүстік Кореяда ағынды суды тазарту кезінде қаза тапты.

СІМ

Алматы, NEGE. Жазатайым оқиға 2024 жылдың 8 сәуірінде түстен кейін Чонджу қаласындағы шыны зауытының тазарту қондырғысында болды. Қазір жергілікті полиция мен Еңбек және жұмыспен қамту министрлігі тергеу жүргізуде.

Алдын ала мәліметтер бойынша, 30 жастағы отандасымызды тоқ соққан, кейін ауруханаға жеткізіліп, сол жерде қайтыс болды.

Еліміздің Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтың Оңтүстік Кореядағы зауытта қайтыс болғанын растады.

«Өндірісте қаза тапты, қазір туыстарымен байланысып, қажетті құжаттарды рәсімдеп жатырмыз», – деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін