2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан

Оңтүстік Корея президенті «Ұлы дала алтыны» көрмесін аралады

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Юн Сок Ёль екі ел өнерпаздарының гала-концертін тамашалады.

Ақорда

Алматы, NEGE. Шараға дейін мемлекеттер басшылары Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының фойесіне қойылған «Ұлы дала алтыны» көрмесін аралап көрді.

Көрмеге алтыннан жасалған археологиялық тарихи жәдігерлер, соның ішінде басты экспонат ретінде Есік қорғанынан табылған «Алтын адамның» реконструкцияланған киімі мен қару-жарағы қойылған.