Оңтүстік Корея президенті демографиялық мәселелерге байланысты ұлттық деңгейде төтенше жағдай жариялады

Бұл елдегі халық санының азаюына байланысты. Бұл туралы Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёл мәлімдеді. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Корея билігі қауіпті еңсеру үшін кешенді шараларды күшейтуді қолға алды.

«Бүгін мен демографиялық мәселелерге байланысты ұлттық деңгейде төтенше жағдай жариялаймын. Бала туу көрсеткішінің төмендеу мәселесі шешілмейінше, біз мемлекет болып жан-жақты әрекет етеміз», - деді Юн Сок Ёл өз сөзінде. 

Оңтүстік Корея президенті бұл мәлімдемені республика халқы «тенденцияны өзгертпесе, ақырында азайып кетуі мүмкін» деген пессимистік болжамның тұсында жасады.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT іске қосылғаннан кейінгі екінші күні тоқтап қалды

Maxi Шай жеткізетін курьерлер жалақыны көтеруге қол жеткізді

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев 73 жасқа толды

Түркістандағы саммиттен кейін Тоқаев Нұралхан Көшеровке алғыс айтты