Оңтүстік Корея мигранттарды пайдаланып, туу көрсеткішін арттыруды көздеп отыр

Оңтүстік Корея билігі елдегі туу көрсеткішін ынталандыру үшін жалақысы төмен шетелдік жұмысшыларды жалдауға шешім қабылдады.

pixabay.com

Алматы, NEGE. Сеул шамамен 100 филиппиндік жұмысшыны елге әкелетін пилоттық бағдарламаны іске қосатынын хабарлады. Олар кәрістердің тілін, мәдениетін үйрететін дайындықтан өтуі керек, содан кейін ғана олар үй қызметкері болып жұмысқа орналаса алады.

Жоба өз жемісін берсе, келесі жылдың ортасына дейін Оңтүстік Кореяға тағы 1200 шетелдік келеді.

Билік бұл бағдарлама корей әйелдерінің үй шаруасындағы жұмыстарын азайтып, балалы болуға ынталандырады деп үміттенеді. Ал бағдарламаны қолдаушылар бұл иммиграциялық заңдарды жеңілдетуге түрткі болады деп сенеді.

Бағдарлама бойынша келген үй қызметкерлеріне ай сайын 2 миллион вон (шамамен 1450 доллар) төленбек. Бұл ретте елдегі нарықтық бағам 3,5-4,5 миллион вонға тең.

Оңтүстік Корея әлемдегі туу көрсеткіші ең төмен ел. 2021 жылы ол бір әйелге 0,81 болса, биыл 0,68-ге дейін төмендеуі мүмкін. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының мәліметтері бойынша, халықтың тұрақты санын қамтамасыз ету үшін бұл көрсеткіш кемінде 2,1 болуы керек.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды